Денсаулық
Коронавирус пандемиясы аяқталды – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының статусын жойды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлім етті.
Бір жылдан астам уақыт бойы пандемия төмендеу үрдісін сақтап келген: халықтың инфекцияларға қарсы иммунитеті артып, өлім-жітім азайып, денсаулық сақтау жүйесіне қысым азайып келеді. Бұл көптеген елдерге коронавирус инфекциясы басталғанға дейінгі өмірге қайта оралуға мүмкіндік берді, сондықтан мен пандемияның аяқталғанын жариялай алам деген үміттемін, — деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында.
Фото: zdorovieinfo.ru