Қоғам

Елімізде қанша ер азамат тұратыны белгілі болды

Қазақстанда халық саны 19 млн 766 мың адамды құраса, оның 9 млн 674 мыңы – ер азамат, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елімізде 0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 млн 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткерлер саны – 767 мың.

Жалпы өңірлерге келсек, ер азаматтардың басым көпшілігі Түркістан облысында тұрады – 1 млн 79 мың. Ал Ұлытау облысында статистика бойынша 108 мың ер адам тұрады.

Сонымен қатар, ведомство дерегінше, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында – 14 пайыз, тағы – 14 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.

Қазақстандағы ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.

Фото: Sputnik

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button