Экономика

Мемлекеттік кірістер комитеті маңызды мәлімдеме жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті интернеттегі алаяқтардың азаматтарды алдау үшін жаңа әдісті қолдана бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қазіргі таңда алаяқтар мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері атынан азаматтарға мессенджер арқылы хабар жолдайды екен.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер комитетінің атынан мессенджер арқылы жеке құжаттардың көшірмесін сұрайтын алаяқтық деректері көбейді. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілерге ешқандай хабарлама жазбайтынын мәлімдейміз, – делінген хабарламада.

Комитет өкілдері азаматтарды жеке құжаттарының көшірмесін бөгде адамдарға жібермеуге шақырды. Себебі құжаттар алаяқтық мақсатында қолданылуы мүмкін.

Фото: ortalyq.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button