Саясат

Тоқаев Қытай журналисімен не туралы сөйлесті?

12 мамырда Президент Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді. Ол CCTV телеарнасының эфирінде көрсетілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Президент ағылшын тілінде сұхбат берді, бірақ кейде қытай тілін қолданды.

Мемлекет басшысының телерадиокешені Instagram-парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады. Бұл жерде ол қытайша сөйлеген.

Үзіндіде журналист Тоқаевтан қытай асханасынан сүйікті тағамы қандай екенін сұрады.

Ол хуэйгожоу (сычуань тағамы, қуырылған ет), пекин үйрегі және данданмиан (сычуань стиліндегі ащы кеспе) тағамдарын ұнататынын айтып берді.

Сондай-ақ ел басшысы ащы тағамдар ұнайтынын мәлімдеді.

ҚХР-ға мемлекеттік сапар қарсаңында президент еліміздің Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективаларына қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап берді.

Фото: inbusiness.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button