Тағам

КФС-дің қазіргі өнімдері халал стандарты талаптарына сай емес

«The Caspian International Restaurants Company» ЖШС-на қарасты «КФС» ресторандар желісіне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты өз күшін жойды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін «КФС» ресторандар желісі Ресей Федерациясына қарасты халал стандарт талаптарына сай өндірілетін, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы оқытылған қасапшылары тек қана қолмен бауыздап, бірнеше ауысыммен жұмыс істеген, «өлексе жеммен (мясокостная мука) қоректендірілмеген», «Белая птица» құс өнімдерін пайдаланып келді. Алайда РФ тарапынан туындаған заңдық шектеулерге байланысты «КФС» ресторандар желісіне тасымалданатын «Белая птица» тауық өнімдерінің көлемі азайғандықтан, «КФС» мекемесі басшылығы «Белая птица» құс өнімдерімен қатар, ҚМДБ халал стандарты талаптарына сәйкес келмейтін басқа да бірнеше құс фабрикасының тауық өнімдерін қолданып отыр, — делінген хабарламада.

Демек, бүгінде «КФС» мекемесі қолданып жатқан «Белая птицадан» басқа тауық өнімдері ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің «Мал бауыздау және ет өңдеу халал стандарты» 1:2016 және «Халал өнімдерін тасымалдау мен сатуға, сақтауға, өңдеуге, дайындауға, өндіруге жалпы талаптар» 3: 2016 стандарттары талаптарына сәйкес келмейді.

Сол себепті, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС мен «The Caspian International Restaurants Company» ЖШС арасындағы келісімшарттың уақытша тоқтағандығын, «КФС» ресторандар желісінің тауық өнімдері толығымен «ҚМДБ халал стандарт» талаптарына сәйкес келмейінше, мекемеге берілген «ҚМДБ Халал» сертификаты мен «КФС» өнімдерінің сыртқы қаптамаларындағы «ҚМДБ халал» таңбасының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз, — деп мәлімдеді ҚМДБ.

Фото: bloomberg.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button