Қоғам

Тоқаев биыл 70 жасқа толған мерейтойын атап өте ме?

Президенттің Баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook-парақшасында жазды.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды.

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, — деді ол.

Фото: telegram/Aqorda

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button