Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ведомство басшысының сөзінше, 55 миллиард теңге игерілмеген.
Мемлекеттік бюджет шығыстары — 98,6, республикалық бюджет шығыстары — 99, жергілікті бюджет шығыстары 98,6 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 триллион теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмаған сома — 72 миллиард теңге, оның ішінде 16 миллиард теңге — үнемделгені. Игерілмегені — 55 миллиард теңге, — деді Қаржы министрі.
Бұл қатарда Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері ірі сомадағы қаржыны игермеген.
Сондай-ақ жергілікті бюджет бойынша биыл төрт айда игерілмеген қаржы 14 миллиард теңге болады. Ең көп игерілмеген сома Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Түркістан облыстарында.
Фото: ашық дереккөз