Қоғам

Ақмола облысында пара берген әкім 4 жылға сотталып кетті

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 15 мамырында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц. Мәмбет 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сотталған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, — деді ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button