Қоғам
Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысы тергеліп жатыр
Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева тергеуге алынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Соталды тергеп-тексеру басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды, — делінген хабарламада.
Әлия Қожабаева 1977 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды »Фемида» заң академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2020 жылғы ақпанда Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.
Фото: ашық дереккөз