Қоғам

«Бұл адамды танымаймын»: Дайрабаев ұлдары әлдекімді құлдықта ұстады деген ақпартқа пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдары қазақстандықты құлдықта ұстады деген күдікке ілінген болатын. Дайрабаев бұл азамат туралы ақпаратқа қатысты палата кулуарында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqinfo.kz.

Жигули Дайрабаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз: Жигули Дайрабаевтың ұлдары ер адамды құлдықта ұстаған

«Зиян келтірмейді»: Мәжіліс төрағасы ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы айтты

Даудың басы – Дайрабайдың Жигулиі: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды

Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Бізде заңгер бар, сол барлық жұмыспен айналысады. Маған дайындалуға мүмкіндік беріңіздер. Мен бұл адамды танымаймын. Бұл мәселемен заңгерлер арнайы айналысады. Олардың жауабын күтеміз, сосын мен жауап беремін, — деді ол.

Сондай-ақ журналистер Дайрабаевтан ер адамның «өзін көргенін және мәжілісменді танитынын» айтқанына қатысты түсініктеме беруін сұрады.

Көрген де шығар мені, мені көп адам таниды. 20 миллион адам көріп отырады», — деді депутат. Сонымен қатар Жигулиден депутаттық мандаттан бас тартудың уақыты келді ме деген сауал тағы қойылған болатын. «Маған мұндай сұрақ қоймаңыздар, — деп жауап берді мәжілісмен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жигули Дайрабаевтың ұлдары 550 млн теңге жымқырды деп айыпталды. Депутаттың қос ұлы сот үкімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Кейін «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Анас Баққожаев Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты қозғалған қылмыстық іс оның депутаттық мандатына әсер ете ме деген сұраққа жауап берген еді.

Жигули Дайрабаев ұлдарына шығарылған үкімге байланысты мандатынан бас тартпайды. Мен фракцияның атынан айтайын: біз оны ешнәрсеге кінәлай алмаймыз, — деп жауап берді Анас Баққожаев.

Содан соң ол мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдамас бұрын ұлдарының ісіне қатысты қоғамда дау тудырған жайтқа пікір білдіргені туралы жазған едік.

Мәжілістен не үшін кетуім керек. Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселені қолға алып, жұмыс істеуім керек, — деді Дайрабаев.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button