Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адам сотталды
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ісін Бостандық ауданының No2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:
- тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
- ірі залал келтірген автокөліктерді ұрлаған;
- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да объектiлердiң аумағына заңсыз енген.
Бұл айтарлықтай шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкелгені атап өтілді.
Сондай-ақ олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аудандағы тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы шенеуніктер мүлкін бүлдірумен және жоюмен залал келтіргені анықталды, — делінген Алматы қалалық сотында.
Жаза тағайындау кезінде келесі факторлар ескерілді:
- сотталушылардың кінәсін толық және ішінара мойындау;
- соттылығы жоқ;
- тұлғаның жеке деректері;
- жас мөлшері;
- құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлық;
- кәмелетке толмаған балалардың болуы;
- қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі;
- төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасау.
Сот үкімімен 20 айыпталушы рақымшылық заңын қолдану арқылы 9 айдан 1 жыл 9 айға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Рақымшылық заңының қолданылуына байланысты тағы төртеуі жазадан босатылды.
Фото: inbusiness.kz