Қоғам

«Заң талаптары өрескел бұзылған»: Ұлытау облысында 9 шенеунік жауапқа тартылды

Ұлытау облысында жолдарды жөндеуге жарияланған конкурстарда заң талаптары өрескел бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдігінің қызметкерлері сметалық құжаттамасы жоқ және мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобаларға қаражат бөлген.

Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен көпжылдық келісімшарттар заңсыз жасалған. Прокурорлар араласқаннан кейін 1,5 млрд теңгенің төрт жобасы бойынша жұмыс тоқтатылды.

Бұл жағдай автомобиль жолдары сапасының төмендеуіне әкелетінін ескере отырып, прокурорлық қадағалау актісімен конкурстардың күші жойылды. Әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді, — дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Елдос Бөрлібаев.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзғаны үшін 9 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Фото: tengrinews.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button