Денсаулық
Әжім түспеуі үшін не істеу керек?
Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің Instagram-парақшасында әжім ерте түспеу үшін қандай өнімдер жеу керегін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Дәрігердің айтуынша, әжім ерте түскенін қаламасаңыз, рационда мына өнімдерді көбірек қолдану керек:
Сәбіз
Құрамындағы D дәрумені қартаюға қарсы күшті антиоксидант ретінде әсер етеді.
Киви
Құрамындағы Е және С дәрумені ағзадағы токсиндерді тазартып, теріге жақсы әсер етеді.
Асқабақ
Құрамындағы коллаген өндіруші С дәрумені жастық пен сұлулықты сақтауға көмектесіп, терінің жағдайын жақсартады.
Фото: skin.ru