Қоғам

БҚО-да үш әкімдік 23 жер учаскесін жекеменшікке заңсыз беріп жіберген

Батыс Қазақстан облысында жер қатынастары саласындағы бірқатар бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.

Бәйтерек, Ақжайық аудандарының және Орал қаласының әкімдіктері жалпы ауданы 11 348 га болатын 23 жер учаскесін өтеусіз негізде жекеменшікке заңсыз берген.

Талдау барысында сауда-саттық пен аукцион өткізбей жер беру, бизнесті жүргізу үшін алынған жердің нысаналы мақсаты өзгергені, бұрын уақытша жер пайдалануға берілген бизнеске арналған жер учаскелерін сатып алу құқығынан бас тарту, рекреациялық аймақта жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқа да тәуекелдер анықталды, — деп мәлімдеді ведомство.

Антикордың хабарлауынша, бұл сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Мәселен, Орал қаласында және Бәйтерек ауданында инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін жалпы ауданы 61 га болатын 42 жер учаскесі жалға берілген.

Сондай-ақ қала аумағында нысандарды салу үшін рекреациялық аймақта 200-ге жуық жердің заңсыз берілгені анықталды. Бұған жер заңнамасымен тыйым салынған.

Фото: eldala.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button