Қоғам

Алматы облысы Білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Алматы облысы Білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова мен оның қарамағындағыларға қатысты сот үкімі шықты. Оларға аса ірі көлемде пара алды және алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Zakon.kz сайтының жазуынша, сот 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адамдармен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекет жасағанын анықтады.

Майгүл Омарова Бақыт Абдолданованың Арапби Меңлібаева мен Н. бақылайтын еншілес фирмаларымен Алматы облысының білім беру ұйымдарында студенттерді қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу үшін бір жерден алу тәсілімен дайындаған мемлекеттік сатып алу туралы келісімдерге қол қойды, — делінген сот хабарламасында.

Одан әрі Н. мен Арапби Меңлібаева аталған ноутбуктерге жалған Microsoft Windows бағдарламалық құралын интернет-ресурс арқылы тегін жүктеп алып, орнатқан. Соның салдарынан аса ірі көлемде 122 996 086 теңге залал келтірілген.

Сот үкімімен Омарова мен Абдолданов бап бойынша кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366 бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Меңлібаева мен Н. ҚР ҚК 367 бабының 4 бөлігі, 190 бабының 4 және 2 бөлігі бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

2021 жылдың 2 ақпанында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен Білім берудегі ақпараттық технологиялардың өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлыбаеваның ұсталғаны белгілі болды. Істе Алматы облысы Білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Абдолданованың да аты шықты.

Майгүл Омарова басқарманы 2020 жылдың 11 ақпанынан бастап басқарды.

Фото: alataugazeti.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button