Қоғам

«Қазақстанның заңынан қорықпаймын!»: Сүлейменшілердің артында кімдер тұр?

Қазақстанда өздерін «медресе» деп атап, қоғамға қауіп төндіретін мекемелер әшкереленді. «Айтамыз» ток-шоуында қонақ болған геосаяси зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы әрі дінтанушы Асылбек Ізбаиров атышулы «сүлейменші» діни ағымы Түркиядан келгенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Orda.kz сайтының жазуынша, «Айтамыз» ток-шоуының жүргізушісі, журналист Асқарбек Қазанғапқа сүлейменшілер жамағатына қатысты бағдарламадан кейін белгісіз біреулер хабарласып, қорқыту-үркітулер болған.

Бағдарлама шықпай жатып байбаламға салған сүлейменшілердің жақтаушыларына айтарым- ит үреді, керуен көшеді. Анонстан соң звондаған, қарғап, аузына келгенін оттағандар көбейді. Жеке басқа өтіп шектен шыққандарын блокқа тығып жатырмын. Ертең арандатудың құрбаны болмас үшін бүгін осы үндеуді жариялап отырмын! Қазақстан заңын мойындамайтын, Америка мен Түркияға арқа сүйейтін Нұрбақыт Меллет секілді «Жібек жолының» жақтастарын жауапқа тартуды сұраймын! — деп жазды журналист facebook парақшасында.

 

Orda.kz тілшісі «Айтамыз» ток-шоуының жүргізушісімен хабарласып, оқиғаның мән-жайын білді. Оның айтуынша, «Жібек жолы» қауымдастығына қатысты бағдарламадан кейін қысым күшейген. Нұрбақыт Меллет есімді азамат Қазақстанның заңынан қорықпайтынын айтып, журналисті балағаттаған. Азаматтың «Америка мен Түркия мені қандай жағдай болмасын алып кетеді» деген пікірі күмән тудырады.

Ә дегенде әлеуметтік желі арқылы балағаттауын бастады. Фейсбук, инстаграмның аудиосымен толассыз қоңырау шала бергесін блокқа тықтым. Одан кейін ортақ танысымның ватсапына байланысқа шығып, мені қорқытып-үркіткен аудиолар жазған. Бір хабарламасын маған жіберіп үлгерді. Нұрбақыт артынша чаттағы аудиоларын өшіріп тастаған (Барлық скрині сақтаулы).  Секем туғызғаны оның қорқытуы, балағаттауы емес. «Қазақстанның заңынан қорықпаймын, Америка мен Түркия мені қандай жағдай болмасын алып кетеді» деп еліргені, сондай-ақ фейсбуктағы жазбамның астына Мүфтиятты мойындамай боқтауы оның артында үлкен күш тұрғанын аңғартты. Осы уақытқа дейін 30 жылдың ішінде 92 пансионатын ашып үлгерген Жібек жолы қауымдастығының бетпердесін шешетін  мұндай 1,5 сағаттық бағдарлама шықпаған. Ток-шоуда мүфтият, Нұр-Мүбәрак, геосаяси зерттеу институтының білікті мамандары олардың жасырын құлшылығы, жымысқы мақсаттарын ашып айтты. Осы ток шоуға оларды шақырғанмен, өздері бас тартты. Ютубқа ток шоу шыққасын осы жамағаттың жақтастары маған әлеуметтік желі арқылы шабуылын бастап кетті. Әлі де жалғасып жатыр. Жала жапты деп келіспесе, оларды тыңдауға, бағдарламаның жалғасын түсіруге дайынбыз. Бірақ, олардың ондай ойы жоқ, — деді Асқарбек Қазанғап.

Нұр-Мүбәрак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы Салтан Сайранұлы сүлейменші жамағатына қатысты анықтама берді.

Сүлейменші – Түркияда тараған жамағат. Сүлеймен Хилми Тунахан деген ғалым бар. Ол кісінің жеке басына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Сүлеймен Тунаханның өзі накшбанди тарихатының 33-ші өкілі ретінде саналады. Қазақ дүниетанымында да сопылықты жоққа шығармаймыз. Сопылық – ата-бабамыздан келе жатқан жол. Сүлеймен Тунаханнан кейін ұстаз болмаған соң ұстазға қол тапсыру үшін де рухани байланыс орнату мәселесі туады, — дейді ол.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button