Қоғам

«Бұл да саясат»: Теолог өнерде хиджаб киген қыз-келіншектердің көбеюіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«Жібек жолы» қауымдастығының өкілі, теолог Ашабай Медетов қоғамдағы хиджаб дауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Дәурен Дариябекке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оқи отырыңыз: «Қазақстанның заңынан қорықпаймын!»: Сүлейменшілердің артында кімдер тұр?

«Иә, біз келісімшартқа отырамыз»: Бойжеткен хиджаб кигендері үшін ақша төленетінін айтты (ВИДЕО)

Келіншектердің хиджаб тағу мәселесіне келетін болсақ, бір жағынан бұл да саясат. Медианың қолданып жатқаны. Хиджаб деп әдейі халық түсінбейтін тілмен қолданады. Қазағымыз бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық деп үнемі айтатын еді. Ақ жаулық деп айтқан бабаларымыз. Хиджаб дегеніміз де, ақ жаулық дегеніміз де орамал. Хиджаб — арабша сөз. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтардың суреттерін қараңыз, басы ашық болған бірде-бір апамызды көрмейсіз. Бәрі — өтірік, бұрмалау, — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан хиджабқа қатысты ойын білдірген болатын.

Тағы оқыңыз: Динара Сәтжан танымал блогерлерге хиджаб киюге ақша ұсынылып жатқанын айтты

«Маған қысқа белдемше ыңғайлы»: Баян Алагөзова жаппай оранып кеткен қыздар туралы пікір білдірді

Өз басым дәстүрлі қазақы исламды қолдаймын. Жұма күні — шелпек. Құран бейіттің басында. Қырқынан шығару және тұсау кесер. Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Кейінгі ұрпаққа жеткізетін тарихымыз бар. Санаулы онжылдықтар, тіпті жылдардан кейін қазақ қыздары қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Қалайтынымыз сол ма? Сондықтан бұл мәселені көтергім келіп отыр. Себебі блогерлерге хиджаб кию үшін қомақты ақша ұсынылғанын естідім. Бұл мені қорқытады, — деп жазған еді ол парақшасында.

Фото: muftyat.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button