Зейнетақы жинағының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан шешіп алуға болатыны рас па?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып жатқанын мәлімдеді.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде осы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинағының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазып жатыр. БЖЗҚ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Заңнамаға сәйкес зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар, қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ БЖЗҚ жалған хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді.
Фото: atr.kz