Экономика
Fitch рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасы өседі деп болжап отыр
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің BBB деңгейінде екенін растады, болжам – «тұрақты», деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.
Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл – кейінгі 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.
Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.
Фото: fitchratings.com