Республика бойынша ең көп қылмыс қай қалада жасалатыны белгілі болды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі қылмыс деңгейі жоғары қаланы атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру — 51%, зорлау — 37%, қарақшылық — 36%, тонау — 16%, бұзақылық — 47%, ұрлық — 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Оның бір себебі, үлкен мегаполис болуында жатыр, — деп тоқталды Марат Ахметжанов.
Министрдің мәліметінше, қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар. Олардың басым бөлігінде кәсіптік немесе жоғары білімі жоқ.
Астанада адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады. Елордада құқық бұзушылық жасаған әрбір екінші адам – өзге өңірлерден келгендер. Олар астаналықтар емес, демек бұл жерде проблема бар, — деді министр.
Фото: ашық дереккөз