Қоғам
Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.
Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! — деп жазылған құттықтауда.
Фото-коллаж: egemen.kz