Ақтөбе тұрғындары түтінге тұншығып отыр
Ақтөбенің халқы екінші маусымнан бері екі иіннен әрең демалып жүр. Оған – қаладағы қатты-тұрмыстық қалдықтардың жануы себеп, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қатты тұрмыс қалдықтары полигоны 2007 жылдан бері жұмыс жасайды. Нысанның өртенуі – бірінші рет болып отырған жоқ. 2015 жылы да қызыл жалынға оранған еді. Былтыр 15 рет өрт болса, биылдың өзінде 7 дерек тіркелді.
Қазір 42 гектар аумақтың бетін биіктігі 60 см топырақпен жабу жұмыстары басталады. Бұл қоқыстың жануы мен тұтануы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Қатты-тұрмыстық қалдықтар 18 гектар аумақты қамтитын жаңа полигонда қабылданады, — деп мәлімдеді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиев.
Полигонда өрт сөндіру жұмыстарына 25 адам жұмылдырылған. Одан бөлек, 12 арнайы техника жүр.
Фото: дереккөз