Экономика

Билет бағасын негізсіз өсірген Air Astana авиакомпаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Халықтың авиабилет бағасының үздіксіз өсуін қатты сынға алуының нәтижесінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекетінде авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты Эйр Астанаға 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: avianews.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button