Үкімет
Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.
Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты.
Фото: 716.kz