Оқиға

Қызылорда облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының Қызылорда облысы аумағындағы учаскесінде жол апатынан 3 адам қайтыс болып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 11 маусым күні Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам көз жұмды, 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген полиция ақпаратында.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button