Үкімет

Өрт кезінде Юрий Ильин Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрді ме?..

Төтенше жағдайлар минитрлігі ведомство басшысы 8-9 маусымда Абай облысында өрт басталған кезде БАӘ-де болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.

Оқи отырыңыз: «Семей орманындағы өрт ағаш саудасында жүрген иттердің тірлігі»: Қоғам белсендісінің жазбасы талқыға түсті

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Министр Зүлфия Сүлейменова орманшылардың соңғы сөзі қандай болғанын айтты

Министр Солтүстік Қазақстан облысына сапарын Абай облысындағы өртті тоқтатуға күш жұмылдыру үшін тоқтатты. Министр ТЖМ Күрделі жағдайлар орталығы штабын өзі басқарды, — деп хабарлады ТЖМ.

Тағы оқыңыз: Орман өрті: Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?

Абай облысындағы орман өрті басталғанда Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Төтенше жағдайлар министрі болған Юрий Ильин қызметінен алынып, оның орнына ведомство басшысы болып Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Фото: ТЖМ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button