Қоғам

Кәрім Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары жазаларын қауіптілігі орташа мекемеде өтейтін болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апелляциялық инстанция бірінші сатыдағы соттың К.Мәсімовке, А.Садықұловқа және Д.Ерғожинге қатысты жазасын өтеу мекемесінің түрі бойынша қауіпсіздігі ең жоғарыдан орташа мекемеге ауыстырды. Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес, сотталғандардың жағдайын жақсартатын заңның кері күші бар және соттар оны қолдануы міндетті, — делінген елордалық соттың хабарламасында.

Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Ол заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді

Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты 24 сәуірдегі сот шешімі

Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Ерғожин Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин және М.Өсіпов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Фото: informburo.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button