Елордалықтарға көшеге шықпау ұсынылды
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елорда тұрғындарын көшеге орынсыз шықпауды сұрап, үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Астанадағы Қорғалжын тасжолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасындағы қураған ағаштың жанып кетуіне байланысты түтін мен өртенген иіс байқалып жатыр. Осыған байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын орынсыз көшеге шықпауға шақырады. Пәтерлерде терезелерді жауып, көшеде бетперде киіп жүруді ескертеді. Бұл ұсыныстар бірінші кезекте тыныс алу жолдары аурулары бар адамдарға қатысты, — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Астана маңында өрт шығып, сол жағалауды қою түтін басты (ВИДЕО)
Өрт сөндірушілер 15 гектар аумақтағы өртті сөндіруге жұмыс істеп жатқаны айтылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай өтетін айналма жол арасында қураған ағаштың жанып жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала 15 гектар аумақта өртті ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осыған дейін Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде желдің салдарынан мұнаралы кран құлағаны хабарланған болатын.
Фото: