Экономика

270 млн теңге залал келтірген: елімізде спорт саласына қатысты 21 іс тергеліп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде, – деп мәлім етті ведомство.

Агенттік ақпаратынша, 2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button