Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Түркия елшісімен кездесу өтті
Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Qazaqinfo.kz хабарлайды.
Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және бітімгерлік қызмет саласындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Одан бөлек әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл да айтылды. Сөз арасында өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының кездесуі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломатқа «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол бейбітшілік, ынтымақтастық және тату көршілік идеяларын ілгерілетудегі мәдениеттің маңызды екенін атап өтті.
Фото: дереккөз