Ұлттық экономика министрінің інісі лауазымды қызметке тағайындалды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып отыр.
Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды іске асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ермек Қуантыров 1989 жылы дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Фото: ашық дереккөз