Қазақстанды әкімдер мен министрлер тонады — Серік Әбдірахманов (ВИДЕО)
Мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов елімізде шенді лауазымдар сатылатынын жайып салды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ол Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында барлық қызмет орны саудаланатынын айтты.
Қазақстанды кім тонады? Әкімдер тонады, министрлер тонады. Генералдардың бәрі миллардер. Санаулы ғана генералдар адал, таза. Қалғандарының бәрі бай. Назарбаевтың кезінде генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын. Қазір әжептеуір хабары бар, осы салаға жақын жүргендер айтады: «генералдың бағасы 3 миллион долларға көтеріліпті». Барлық қызмет орны сатылады. Өте бай, май шелпекке бататын әкімдер Атырау, Ақтөбе 3 миллион долларға броньдап баратын, қазір енді 5 миллионға баратын шығар, — деді экс-депутат.
Фото: Halyq-Uni