«Баламды қорғадым»: Басы дауға қалған Шүменов өз нұсқасын айтты
Белгілі қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов Астанада сауда орталығында болған төбелестің неден басталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқи отырыңыз: Боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан (ВИДЕО)
Жағымсыз оқиға болды және басқа ракурстан көрсетілген бейнежазба мені теріс жағымнан көрсетті. Жағдайды соңына дейін түсінбей, оқырмандар маған түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Ақпараттық дәуірде кез келген адамды жаман жағынан көрсетуге болатынын жақсы білесіздер, – деп жазды Шүменов Instagram парақшасында.
Боксшының сөзінше, төбелеске балалар арасындағы кикілжің себеп болған.
Сегіз жасар ұлым бұл күні ойын алаңында жүрген, ал оны басқа бала себепсіз арқасынан ұра бастады. Ұлым одан алшақтап, әрі қарай ойынын жалғастырды. Бірақ бірнеше минуттан кейін әлгі бала қайтып келіп, ұлыма тағы шабуыл жасамақ болды. Балам одан қаша бастады. Содан кейін ер адам баласын алып кетті. Ұлым мұндайға үйренбеген және бұл оған үлкен стресс болды, – деді спортшы.
Шүменов баласының арқасы қызарып, сызаттар түскенін көргеннен соң баланың әкесіне барғанын айтты.
Ұлымды ұрған бала сенікі ме дегенімде, агрессивті түрде «иә, ұрды, содан не бопты? Не істейсің маған?!» деді, – деп жазды боксшы.
Оның айтуынша, ер адам аса зардап шеккен жоқ.
Сот сараптамасы оның дене жарақаттарының салдарынан денсаулығына жеңіл де, орташа да зиян тимегенін растады және анықтады. Ер адамның қолында болған баладан кешірім сұрағым келеді және бала осы жағымсыз көріністің куәсі болғанына өкінемін. Қазіргі уақытта жанжал толығымен аяқталды. Мені жамандағысы келетін барлық адамдарға айтарым – мен қара болсын, ақ болсын, пиарға қызықпаймын және лас интригаларға қатысқым келмейді, – деді Шүменов.
Спортшының сөзінше, ер адам баланы қалқан ретінде қолданған.
Мен оны мойнынан алған кезде ол сол қолындағы құралмен шабуыл жасай бастады. Сосын ол пышақ емес екенін түсінгеннен соң, баланы жіберді де, пышақты алып, ішіме тықпақ болды. Қашып үлгердім. Сосын пышақты лақтырып жіберіп, баланы қайтадан қолына алып, оны қалқан ретінде қолдана берді. Маған пышақпен шабуыл жасаған сәтте мен ашуландым. Мен әке ретінде ұлымды ғана емес, өзімді де қорғауым керек еді, – деп мәлімдеді ол.
Шүменов көп ұзамай полиция келіп, екі тарап та Есіл ауданының аудандық бөлімшесіне барғанын жеткізді.
Балалар ешнәрсе болмағандай аудандық бөлімде ойнап кетті. Ал сол баланың анасы менен, жұбайымнан және баламнан кешірім сұрады және оның баласы аутизммен ауыратындықтан, адамдарды себепсіз ұрып-соғып, тепкілеуі мүмкін екенін айтты. Баланың анасы бұл туралы айтқан сәтте қатты өкіндім, – деді боксшы.
Айтуынша, тараптар татуласып, өзара түсініскен.
Еске салайық, боксшының сауда орталығында төбелескені туралы қауесет кеше тарады. Бүгін ақпарат ресми түрде расталды.
Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс «Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді, — деп жауап берді ІІМ өкілі.
Сүнтаев төбелес кезінде ер адамның қолындағы баланың зардап шекпегеніне сендірді.
Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Тұрақты әлем чемпионы (2016-2017, 2018-2019) және 1-ші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016). Бұрынғы WBA әлем чемпионы (2013-2014), WBA тұрақты әлем чемпионы (2010-2013) және жеңіл салмақтағы IBA әлем чемпионы (2009-2014). 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Бейбіт тек кәсіби боксшы емес. Ол сонымен қатар менеджер және промоутер. Ол өзінің KZ Event Productions, Inc. компаниясын ағасы Шыңғыс Шуменовпен бірге 2007 жылы Лас-Вегаста ашқан.
Фото: Stan.kz