Қоғам
Кәрім Мәсімов терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі сайтының мәлім еткендей, 1 шілдеде тізімге бірқатар тұлға қосылды. Олардың қатарында Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.
Сонымен қатар, 1 шілде жарияланған тізімде басқа да есімдер пайда болды. Олардың қатарында Тәңірбергенов Арман Тәңірбергенұлы және Швецов Алексей Анатольевич бар.
Фото: Sputnik/Екатерина Штукина