Семейде Қарттар үйінің қариялары дәрі-дәрмек пен дұрыс тамақ берілмейтінін айтты (ВИДЕО)
Семейде қарттар үйінде паналаушылар мекемедегі жағдайдың нашар екенін айтып шағымданды. Айтуларынша, мұнда қарияларды қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етпейді, тіпті тамақтың өзін нашар береді екен, деп хабарлайды Stan.kz 31-телеарнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Қариялар мекеме зейнетақыларының 70 пайызын ұстап қалғанымен қажетті көлемде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпей жатқанын айтады. Одан бөлек мұндағы тұрғындар тамақтың дұрыс берілмейтініне шағымданады. 68 жастағы Жұмкен Қасенов жеті жылдан бері демікпемен ауырады. Ер адам жиі тұншығатынын, ингалятордың химиялық құрамы бір тәулікке ғана жететінін алға тартты. Бірақ одан әрі қарияға артық ингалятор бермейді екен.
Дәрі-дәрмектеріңді өздерің алыңдар» дейді. Көмекке зәруміз. Дәрігерлердің жазып бергені мүлдем берілмейді. Ал тамақтандыру бойынша тіпті нашар. Кейде майсыз, кейде тұзсыз. картоп, сәбіз бен тек тауық еті беріледі. Ал қалған ақшамызды дәрі-дәрмек пен азық-түлікке жұмсаймыз, – деді мекеме қызметін алушы Жұмкен Қасенов.
69 жастағы Серікбай Дүйсекенов мекемедегі жағдайға шағымданды.
Шығындарым үшін қолыма тек 9 мың теңге аламын. Тісімді жасата да алмай жүрмін. Соның салдарынан қалыпты тамақтана да алмаймын. Бұл мазақ емес пе? – деді Серікбай Дүйсекенов.
Орталық басшылығы палаталардың тамақтануы мен емделуінде еш қиындықтың жоқ екенін айтты.
Мемлекеттің тегін медициналық көмек көрсетуі бойынша бізге жетінші СВА, жетінші емхана тағайындалған. Сондықтан, егер дәрілер сайтта бар болса, біз оны аламыз. Жоқ болса, біз қажеттіліктің орнын толтыруға тырысамыз. Одан бөлек бізде қосымша емделуге тиіс бірнеше қызмет алушы бар. Олардың кейбірі препараттар, кейбірі коллаген ішеді. Енді бірі аарнайы ем қабылдайды, – деді Абай ауданы, №2 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры Гүлмира Сексенәлиева.
Орталықтың кіші қызметкерлері делар орталық әкімшілігінің дөрекілігіне, еңбекақы төлеудің әділетсіздігіне шағымданып, мекеменің қаржылық қызметіне тексеру жүргізуді талап етеді.
Фото: видеодан скриншот