Қоғам

«Өлең шумақтары мен артық ақпараттар жазылмайды»: Елімізде бейіт басына құлпытас орнатудың жаңа ережелері енгізіледі

Елімізде бейіт басына құлпытас орнатудың жаңа ережелері енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz 31-телеарнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді құлпытасқа өлең шумақтары мен артық ақпараттар жазылмайды. Әрі қоршау мәйіт жатқан жермен ғана шектеледі.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан ашылған “Қамқор-Шапағат” орталығы бірнеше облыстың мәслихатына жаңа ұсынысты жолдады. Егер депутаттар қолдаса, 20 аймақта зират заңдылығы өзгермек.

Қабірге жерленген кісінің кім екендігін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмауы үшін оған шағын белгі қоюға рұқсат. Құлпытас биіктігі 1 метр, ені 50 сантиметрден аспауы тиіс. Құлпытасқа марқұмның аты-жөні, туылған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылса жеткілікті. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді, – деді «Қамқор-Шапағат» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы.

Ал құлпытас жасайтын шеберлер тұтынушылар таңдауында шек жоқ дейді. Олардың айтуынша, бейіт басына белгі қою үшін адамдар 7 миллион теңгеге дейін тапсырыс береді. Құлпытастың өзін шетелден аламыз деген кәсіпкерлер оның да сан түрі болатынын айтады.

15-20 мың теңгеден кете береді. 500, 600 мың, 1 миллион теңгеге дейін барады. Осы уақытқа дейін  жалғыз тастың өзін 1,5-2 миллионға дейін алғандар болды. 7 миллионға дейін де қойып жатырмыз. Әр түрлі ғой жағдайлары. Гранит-мәрмәр болып бөлінеді. Қазіргі таңда гранит қатты сұранысқа ие, — деді құлпытас шебері Әбілхан Амантұрдиев.

Ал ел азаматтары болса мазарға биік қоршау қажет дейді. Әйтпесе бейітті қаңғыған мал басып кетпесіне кім кепіл деп отыр. Дін өкілдері болса, бейітті әсепттегеннен марқұмға келіп кетер пайда жоқ. Одан да сол қаржыға жетім-жесірге көмек берген әлдеқайда абзал дейді.

Фото: inbusiness.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button