Қоғам

Қазақстанда қанша қытайлық жұмыс істейтіні белгілі болды

1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетелдік еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

— Қытай – 3 729 адам (25%);

— Өзбекстан – 1 967 адам (13%);

— Үндістан – 1 461 адам (10%);

— Түркия – 1 454 адам (10%).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел мамандарын тартуға биылға 22 260 квота бөлді.

Айта кетейік, елімізде мигранттар еңбегін заңды пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.

Мигранттар ең көп еңбек ететін салалар:

— құрылыс саласы – 5 204 адам (35%);

— ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%);

— тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%);

— өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%);

— кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

— басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат):

— құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат).

Сырттан тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – сәйкесінше 6 598 және 833 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 940 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.

Айта кетейік, Шымкент мұнай өңдеу зауытынына иелік ететін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясындағы алты басшының төртеуі – қытайлық.

Фото: opennews.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button