Аймақ

Қостанай облыстық балалар ауруханасы алты жылдан бері 600 млн теңге қарызынан құтыла алмай келеді

Қостанай облыстық балалар ауруханасы алты жылдан бері қомақты қарызынан құтыла алмай келеді. Қазіргі таңда кредиторлық берешегі 600 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Аурухананың бүгінде тек коммуналдық мекемелерге 200 миллилон теңге қарызы бар. Одан құтылу үшінде кемінде 5 жыл және ай сайын 10 миллион теңге табыс табуымыз керек дейді ақ халаттылар.

Бюджеттік өтінім бердік. Басқармаға. Олар енді ары қарай мәслихаттың сессиясына жібереді. Бірақ одан қандай нәтиже болары белгісіз, — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Қаржылық қиындықтарға қарамастан аурухана басшылығы дәрігерлер айлығын дер кезінде беруге тырысып келеді. Науқастарды да дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр.
Данагүл екі айдан бері кішкентай сәбиімен емделіп жатқанын айтады. Ешқандай тапшылық көрмепті.

Ешқандай шағым жоқ. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатыр. Ешқандай қиындық көрген жоқпыз, — дейді қала тұрғыны Данагүл Еламанова.

Аурухананың есепшоты бұғатталған. Тіпті дәрігерлердің еңбек демалысына берілетін ақша төленбеген. Алайда аурухана ұжымы түсіністік танытып, шу көтеріп жатқан жоқ. Қажетті дәрі-дәрмек және өзге де керек-жарақты тағы қарызға алып жатырмыз дейді мекеме басшылығы. Ал қаражат мәселесі облыстық мәслихат сессиясында шешіледі. Егер бюджеттен ақша бөлінбесе, қазан айына қарай дәрігерлер мүлдем жалақысыз қалуы мүмкін.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button