Әлем

Ресей Солтүстік Кореямен әскери байланысын күшейтпекші

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Солтүстік Кореяға ұшып барды. Шойгуды Пхеньян маңындағы Сунан әуежайында КХДР Қорғаныс министрі Кан Сун Нам қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Бұл сапар Ресей-Солтүстік Корея әскери байланыстарын нығайтуға ықпал етеді және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болады» деп жазылған Ресей Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасында.

Ресей делегациясы Корей түбегіндегі соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына арналған іс-шараларға қатысуға ниетті.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button