Мейрамбек Шермағанбет Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мейрамбек Зинабдинұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Әлеуеті жоғары, басқарушылық қызметте тәжірибесі мол адам. Мейрамбек Зинабдинұлы жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, ветеринария басқармаларына жетекшілік ететін болады. Бұл ретте Мейрамбек Зинабдинұлына өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырамын, – деді облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.
2004-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық Білім, Тілдерді дамыту басқармаларының басшысы, Қызылорда облысы бойынша Білім саласындағы сапаны бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобды ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Фото: syrboyi.kz