Қоғам

Еліміздің әскери техникасы Ресейге жіберіліп жатыр ма – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі, — деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын атап өтті.

Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз, — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде әскери техникалар тиелген жүк көліктерінің суреті тараған болатын.

Фото: ortcom.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button