Бизнес

Тамыз айында елордада Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді

Елордада 2-4 тамыз күндері Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2-4 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік сектор мен іскерлік топтардың 400-ден аса өкілі қатысады. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қатынас тату көршілік, өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген. Қазақстан мен Ауғанстан халықтары — тарихи тамыры ортақ, ежелден бері бір аймақты мекендеп келе жатқан көршілес, салт-дәстүрі мен тағамдары ұқсас елдер. Ауған халқы да біздер секілді әл-Фарабиді мақтан тұтып, өз ата-бабасы ретінде қарайды, — деді Қанат Тумыш Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Ауғанстан халқы шын мәнінде терең тарихы мен мәдениеті дамыған ел екендігін баса айтты.

Олардың қатарынан ислам өркениетінің алтын ғасырларында көптеген ғұлама шыққан болатын. Жалпы, ауғандықтар өте еңбекқор халық, керемет қолөнершілер, зергерлер, диқаншылар. Қазақстан Ауғанстанның тәуелсіз, бейбіт, бейтарапты демократиялық және гүлденген ел ретінде дамығанын қалайды, — деді министр орынбасары.

Фото: trn-news.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button