Қоғам

«Дәулет Мұқаев себепкер болды»: Алматыда салымшылар құрылыс компаниясынан ақшаларын қайтара алмай жүр

Алматыда елуге жуық салымшы құрылыс компаниясынан ақшаларын қайтарып беруді талап етті. Сөздерінше, компания иелері миллиондаған қаржыны алып, қашып кетуі мүмкін. Ал пәтер кілтін осы жылдың соңында алуы керек болған. Алайда бүгінде үй әлі салынбапты. Компания өкілдері болса құрылысты аяқтайтындарын мәлімдеді, деп хабарлайды КТК теларнасы.

Салымшылар құрылыс компаниясының кеңсесінің алдына жиналған. Олар құрылыс алаңында жұмыстардың тоқтап тұрғанына 8 ай болғанын айтады.

Желтоқсаннан бері құрылысты бақылап жүрміз. Қазір тек іргетасы құйылған. Бұдан кейін келісімшартты сәуірде бұздым, ал шарт бойынша компания ақшаны қайтаруы керек. Қазір тамыз айы болды. 4 ай өтсе де, ақшаны ала алмадым, – деді Айымгүл Нысанбаева.

Жиналғандардың айтуынша, компания барлығы 100 миллион теңгеден артық ақша қарыз. Егер шара қабылдамаса, компания иелері ақшаны алып жасырынып қалуы мүмкін дейді. Оның үстіне бұл компанияға блогер әрі депутат Дәулет Мұқаевтың жарнамасынан кейін ақша құйыпты.

Бұл құрылыс компаниясын таңдауыма Дәулет Мұқаев себепкер болды. Депутат атанғанға дейін қоғам пікірін қалыптастырушы болды. Халыққа қаржылық сауатты үйретті. Тиімді бағдарлама бойынша үй алуда көмектесті. Сондықтан оның жарнамасына сендім, – дейдіҚуат Керімбеков.

Max Bet PV2 құрылыс компаниясының өкілдері ешкімді алдамағанын жеткізді. Қазіргі таңда кей құжаттардың болмауына байланысты құрылысты тоқтатып қойған.

Иә, үйді желтоқсанда береміщ дедік. Бірақ жобада өзгерістер болды. Бастапқы сәулет-жобалау бойынша ғимаратта 3 қабат болуы керек. Енді 5 қабат салғымыз келеді. Сондықтан құжатты өзгерту керек. Келесі жылдың мамырында үйлердің кілтін табыстаймыз. Пәтер алғысы келмейтіндерге ақшаны толығымен қайтарамыз. 25 қыркүйекке дейін барлығына ақшасын беруге уәде береміз, – деп айтты Max Bet PV2 құрылыс компаниясының директоры Берік Нұрмағамбетов.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button