Қоғам

Омар Жәлел тағы да «құдаймен байланысқа» шықты (ВИДЕО)

Би – құдаймен байланысқа шығу деген абайтанушы Омар Жәлелдің екінші рет билеген бейнесі тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін де әлеуметтік желіде абайтанушы, қазақтың биі Омар Жәлелдің қыздармен билеп жүрген бейнесі тараған еді. Оған Омар би былай жауап берді:

Менің осында билеген биімді Мансұр деген жігіт Tik tok желісіне жүктеген екен. Содан интернеттің бәрі шулап кетті. «Бас биіміздің түрін қара?», «Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көрсе жүрегі жарылып өлер еді» деген пікірлер айтылып жатыр. Сонда адам билеуге болмай ма?, Конституцияда тыйым салынбаған, салт-дәстүрде шектеу қойылмаған. Атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген. «Аққу», «Құс биі», «Бүркіт биі» деген билер болған. Қазір біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Би – құдаймен байланысқа шығу, — деп жауап берді Омар Жәлел.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button