Аймақ
Алматыда құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесі анықтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.
Мәселен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған.
Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сот шешімі күшіне енбеді, — делінген хабарламада.
Фото: egemen.kz