Әр түрлі
Елімізде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады
![](https://qazaqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/08/kwkw-780x470.jpg)
22-24 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылынған және тұрақсыз ауа массалары сақталып, жаңбыр жаууына себеп болады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18…24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Фото: ҚазАқпарат