Сұхбат

Қазақстанда 30 жыл ішінде инфрақұрылым мәселесі шешілмеген – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Qasqa Jol» YouTube-арнасына берген сұхбатында облыстардағы ахуал жайлы, оның ішінде Абай облысындағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, 30 жыл бойы еліміздің бюджеті дұрыс бағытта жұмсалмаған.

Семейдегі мәселе бұрыннан келе жатыр ғой негізі. Қазақстан Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіреміз деп, бүкіл қаржы халыққа пайдасыз істермен шашылып кетті. Мысалы, EXPO, басқа да конференцияларға жұмсадық. Есімде, Қазақстанға ондаған Нобель сыйлығының лауреатын алып келген. Олардың әрқайсысына 100 мың доллар берілді, оның бәрі бюджеттің ақшасы. Бүгінгі таңда ЖЭО-дағы бүкіл проблема — сол 30 жылдың ішінде инфрақұрылым мәселесі шешілмегендіктен туындап отыр, — дейді депутат.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button