Қоғам

200 мыңға жуық қазақ шетелге жұмыс іздеп кеткен

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Қазақстандағы көші-қон процестері туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, Асқарбек Ертаев Қазақстанға тұрақты тұруға шетелдіктер көп жағдайда ТМД, ҚХР және Моңғолия елдерінен келетінін айтқан. Жыл басынан бері 76 шетелдік азаматқа инвесторлық визалар берілген.

Сондай-ақ ол биыл жыл басынан бастап Қазақстанға 13,5 мың қандас келгенін, оның 8,5 мыңы еңбекке қабілетті екенін айтты.

Сонымен қатар біздің елде 321 босқын, 559 баспана іздеуші тіркелген.

Геосаяси тәуекелдерді, оның ішінде баспана іздеушілердің жаппай ағынын ескере отырып, Үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастырудың тиісті ережелерін бекітті, – деді Ертаев брифингте.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ертаев Қазақстан азаматтарының шетелге көшуі туралы мәліметтерді жария етті. Биыл елден 200 мыңға жуық қазақстандық кеткені белгілі болды. Олардың көпшілігі нәпақа іздеп кеткен.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бізде 194 мың қазақстандық шетелге кетті. Олар негізінен ақша табуға кетті. 2022 жылы оқуға 25 мың қазақстандық өзге мемлекеттерге оқуға аттанды, — деді ол.

Фото: ҚазАқпарат

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button