Саясат

Тоқаев Сауда және интеграция министріне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button