Саясат
Ресей Премьер-министрі Қазақстанға келе жатыр
25-27 қыркүйекте «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оның мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран, Әзербайжанның ұлттық экспозициялары ұсынылады. Іс-шараға Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко қатысады деп жоспарланған, — деді Смадияров.
Фото: Sputnik/Mihail Klimentev